Атырау, 24 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жыл басынан бері жол апатынан 40 адам қаза тапты

1 441 рет қаралды

Атырау облысында жыл басынан бері 155 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 40 адам қаза тауып, 189 адам әр түрлі дене жарақатын алған.  Облыс орталығында - тиісінше 126, 21 және 169 адам. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВҚА сілтеме жасап хабарлады.

- Жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында қала сыртындағы тас жолдарда 17 «Кордон» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 579 шақырым, Атырау-Орал тас жолының 11 шақырым және Атырау-Индер тас жолының 17 шақырым тұстарына «Кордон» жылдамдық өлшегіш құралдары орнатылды. 6 дана «Кордон М2» жылдамдық өлшегіш құрылғысы Атырау маңында орнатылған. Жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз жүргізуші», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» және «Автобус» атты жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД ұсынған сурет

8 шілде 2022, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.