Атырау, 10 қыркүйек 12:20
 дождьВ Атырау +18.8
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Өрт сөндірушілер балаларды өрттен алып шықты

1 478 рет қаралды

7 шілдеде 6:20 шамасында Авангард ықшамауданындағы үйлердің бірінің 4-қабатынан өрт шықты. Келген өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен 4 баланы өрттен аман алып қалды, оның ішінде үшеуін жанып жатқан пәтерден алып шықты. Барлығы 20 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

- Көмірқышқыл газына уланған 2003 жылғы бала 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Одан бөлек, полиция өз күшімен далаға шығуға тырысып, дәлізде есінен танған бір әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Өрт 6:46 сағатта оқшауланып, 6:50 сағатта толықтай сөндірілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны ТЖД жолдады 

8 шілде 2022, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.