Атырау, 17 мамыр 12:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Тепловоздың астына түсіп, қаза болды

1 067 просмотра

6 шілдеде Атырауда «Ақжайық» пен «Теңдік» станцияларының арасында 17 жастағы жасөспірімді тепловоз қағып, мерт болды. 

«АЖ» мәліметі бойынша, колледж студенті темір жолдан өтіп бара жатқанда, машинист тежегішті  басады, бірақ үлгермейді. Зардап шегуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. 

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі хабарлағандай, ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 шілде 2022, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.