Атырау, 24 қараша 14:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Британияда отызға жуық шенеунік отставкаға кеткенін мәлімдеді

950 просмотра

Британияда отызға жуық шенеунік өз орындарын босататындарын мәлімдеді. Отставкаға кеткендер қатарында экология және әділет министрлері де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Британия парламентінде сөз сөйлеген премьер-министр Борис Джонсон оппозицияда жұмыс жоспары жоқ екенін және үкімет жанжалға көңіл аудармай, әрі қарай жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

"Елге экономикалық қысым жасалғанда, Еуропада соңғы 80 жылдағы ең үлкен соғыс жүріп жатқанда, дәл осындай кезеңде үкімет кетпей, жұмысын жалғастырады деп күту керек. Британия халқы үшін маңызды дүниеге зейін қою керек", – деді премьер-министр. 

Британияда алымсақтыққа қатысты тергеуде күдікке ілінген азаматтың Консервативті партияда тағайындалуына қатысты туындаған жанжал аясында Борис Джонсоннан отставкаға кетуін талап еткен.

7 шілде 2022, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.