Атырау, 30 маусым 09:07
 дождьВ Атырау +14.8
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Атырау облысында бір тәулікте 9 адам COVID-19 жұқтырған

1 494 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 9 адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқас анықталды. Науқастардың барлығы Атырау қаласында расталды.

8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ.

Қазір 35 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 21 науқас ем қабылдауда. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

7 шілде 2022, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.