Атырау, 20 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сырым Датов көшесі жабылады

1 334 просмотра

Атырауда Сырым Датов көшесі қайта жаңғыртылмақ, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,69 шақырымды құрайды.  Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары бірінші аумақ - “Азаттық даңғылынан бастап Қиғаш көшесіне” дейін, екінші аумақ -  “Баймұханов көшесінен Абдрахманов көшесіне” дейінгі
аралықты қамтымақ.

Осы ретте, жол 7 шілде сағат 08:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз.

Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді. 

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 8 ашық және 4 жабық аялдама, заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.

Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.

6 шілде 2022, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.