Lab24 мәліметтері бойынша, соңғы жеті күнде елде 588 мыңнан астам итальяндықтар инфекция жұқтырды. Бұл өткен аптадағы көрсеткіштермен салыстырғанда 55,4%-ға артық, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы тәулікте Италияда коронавирус инфекциясы бойынша 132 274 жағдай тіркелді. Бір апта бұрын тіркелген жағдай саны 83 555 (+58,3%) болған еді. Соңғы жеті күнде (29 маусым – 5 шілде) 588 976 жағдай тіркелді, делінген хабарламада.
Айта кетелік, Қазақстанда да COVID-19-ға шалдығушылар саны аздап өсті.
Ауруға шалдығушылар өсімі негізінен Алматы мен Нұр-Сұлтанда байқалады.
Астана күнін мерекелеу қарсаңында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтардан санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауды сұрады.
11 миллионнан астам қазақстандық вакцина алды, елде ұжымдық иммунитет бар. Шамамен 5 млн адам ревакцинациядан өтті, бұл - тиісті контингенттің 67% - ға жуығы.