Атырау, 30 маусым 10:24
 дождьВ Атырау +14.8
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Атырау облысында бір тәулікте 10 адам COVID-19 жұқтырған

1 454 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 9, Қызылқоға ауданында 1 жағдай расталды.

7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Қазір 26 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 23 науқас ем қабылдауда. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

6 шілде 2022, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.