Атырау, 5 қазан 22:35
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Тексеру жүргізілген жоқ, бұл нысанның фотофиксациясы»

1 182 просмотра

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) кәсіпкерлік субъектісін заңсыз тексеруге қатысты «Ақ Жайық» басылымы жариялаған жаңалыққа байланысты ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне сілтеме жасап, келесіні хабарлайды.

Жилгородоктағы соңғы аялдама маңында салынып жатқан нысанның құрылысы туралы хабарлаған және бұл құрылыстың заңдылығына күмән келтірген азамат «Д»-ның шағымы негізінде Басқарма рұқсат құжаттарына камералық тексеру жүргізді. Яғни «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалына және қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне сауалдар жолдады.

Сауалнамаларға берілген жауаптарға сәйкес, жер теліміне салынып жатқан және жеке тұлғаға тиесілі нысан құрылысты бастау үшін сәулет бөлімінен бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, эскиздік жоба) алмағаны анықталды.

Сондай-ақ материалдарды зерделеу барысында Басқармаға құрылысты бастауға рұқсат алу үшін өтінім берілмегені анықталды.

Осылайша, нысанның құрылыс саласындағы заңнаманы өрескел бұзумен, атап айтқанда құрылысты бастауға қажетті жобалық-сметалық құжаттамасыз және басқа да құжаттарсыз салынып жатқаны анықталды. Осыған байланысты, осы жылдың 22 маусымында Басқарма ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 3-бөлігінің 3-тармақшасының негізінде, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы» ММ-не (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) азаматша «Т»-ға қатысты тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуге жолдады.

Алайда, 2022 жылдың 23 маусымында ҚСжАЕАК актіні тіркеуден бас тартты, себебі жоғарыда көрсетілген жер телімі «Ш» жеке кәсіпкеріне жалға берілген, ал ол рұқсат құжаттарын алуға жауапты.

Бүгінде шағын кәсіпкерлік пен микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғандықтан («Ш» жеке кәсіпкері осы санатқа жатады) тексеруді тіркеу Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі белгілеген басқа алгоритм бойынша ашылуы тиіс. Қазіргі уақытта басқарма осы алгоритм бойынша тексеру ашу үшін материалдар дайындап жатыр.

«Басқарма қызметкері салынып жатқан нысан иелерінен құжат сұрады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл қызметкер тәртіп бұзушылықты суретке түсіру үшін кірген, сонымен қатар бұл қызметкердің нысанға бару мақсаты болмады.

 Фотофиксация арызда көрсетілгендей нысанның осы жерде шынымен салынып жатқанын (яғни, арызда көрсетілген фактілердің рас екенін және арызға қоса берілген фотосуреттердің фотошоп арқылы өзгертілмегенін және басқа қалада немесе жерде жасалмағанын) нақты анықтау мақсатында ғана жүргізілді.

Бұл ретте басқармаға аталған нысанның заңдылығын тексеру, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы объектінің иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Атырау қаласы прокуратурасынан 2022 жылғы 4 шілдедегі №2-02-22-03416 ұсыныс түсті.

5 шілде 2022, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.