Атырау, 20 сәуір 09:56
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Томарлыға дейін жол жабық

Сурет
1 470 просмотра

5 шілдеде қайта жаңғыртуға байланысты «Атырау-Индер» тас жолының 2 шақырымдық бөлігі жабылды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары «Атырау-Доссор» тас жолынан Томарлы елді мекеніне дейінгі аралықты қамтымақ, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаты алынады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, автобус аялдамалары және заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Қала билігі туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұрайды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 шілде 2022, 18:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.