Атырау, 10 сәуір 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Атырау жерінен тұңғыш рет балбал тас табылды

2 343 рет қаралды

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы «Тасқара» қорғанына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 6-9 ғасырдың көне түркі ғұрыпынан сыр шертетін адам мүсіні бейнеленген балбал тас табылды. Биіктігі 1 метр 20 см, ал, ені 50 см болатын олжа Оғыз-Қыпшақ дәуірінен қалған деп болжанып отыр.

Археологиялық экспедицияның жетекшісі, тарих магистрі Сейілхан МИРАШТЫҢ айтуынша, балбал тас Атырау өңірінен алғаш рет табылып тұр.

- Балбал таспен қоса табынуға арналған құралдар табылды. Мұндай балбал тастар IX ғасырдан бастап ислам діні тарауына байланысты даламыздан жойыла бастады. Өйткені ислам дінінде адам бейнесін салуға рұқсат етілмейді, - дейді С.Мираш.

Қазіргі кезде мәдени экспонат зерттелу үшін ғылыми зерттеу орталығына әкелінген. Зерттеліп болған соң жәдігер ретінде облыстық тарихи өлкетану музейіне қойылады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Археологиялық экспедиция жолдаған сурет

5 шілде 2022, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.