Атырау, 5 қазан 22:45
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жамбылдың жас кезінде шерткен домбырасын көргіңіз келе ме?

Сурет
1 728 просмотра

Шілденің бірінші жексенбісі елімізде Домбыра күні атап өтіледі. 1 шілде – ұлттық домбыра күніне орай, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы жыраудың асыл мұрасы» атты жылжымалы көрме ашылды.

- Жамбылдың ақындық шығармашылығының 75 жылдығына орай 92 жасында оған 12 бөлмелі үй берілген еді. Атамыз өмірден өткенге дейін сол үйде тұрып, өмірден өткеннен кейін ол үй Жамбыл музейі ретінде пайдаланылып келеді. Бүгін жылжымалы көрмеге атамыздың пайдаланған жеке бұйымдары, домбырасы, киген шапаны отбасылық суреттері, т.б құнды ақпарат беретін жәдігерлер әкелдік. Үш күн бойы атыраулық жұртшылықты Жамбыл өмірі мен шығармашылығын таныстырамыз, - дейді ұлы ақынның немересі Салтанат ЖАМБЫЛОВА.  

Музей Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында орналасқан. Ақынның отбасылық өміріне келсек, жарлары өмірден өтуіне байланысты 3 рет әйел алған. Үшеуінен 8 ұл, екі қыз тараған. Бүгінде ұрпағы Алматы облысында тұрады. Немерелерінің бірі Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінің директоры болса, шөбересінің бірі осы музейде қор сақтаушы болып қызмет етеді.

Көшпелі музейге қойылған көне жәдігердің бірі - Жамбылдың жас кезінде пайдаланған домбырасы. Оның ішегі ешкінің ішегінен жасалған. 

Жылжымалы көрме жексенбі күні кешке дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

2 шілде 2022, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.