Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда алкоголь, темекі және отын заңсыз сатылған

2 164 рет қаралды

Маусым айында Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы акцизделетін өнімдердің – 1520 бөтелке алкогольдің, 2000 литр дизель отынының, сондай-ақ LM және Bond темекі өнімдерінің заңсыз саудасын анықтап, жолын кесті.

Жеке тұлғалар акциздік маркалары жоқ тауарларды сатумен айналысқан. Іс материалдары Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Өткен жылы жалпы сомасы 6 млн 215 мың теңгенің, жыл басынан бері 3 млн 145 мың теңгенің акциздік маркалары жоқ өнімдердің заңсыз айналымы анықталды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 шілде 2022, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.