Атырау, 23 сәуір 21:55
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Медициналық сақтандыру қорының бюджеті үштен бір есеге көбейді

1 064 просмотра

Атырау облысында биыл медициналық сақтандыру қорының бюджеті 2021 жылмен салыстырғанда 33 пайызға өсіп, 52 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады.

– Атырау облысы бойынша қордың бюджеті 52 млрд 628 млн 583 мың теңгені құрады, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында – 32 млрд 99 млн 612 мың теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша – 20 млрд 528 млн 970 мың теңге, - деп хабарлады ӨКҚ-де өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ.

Еске салсақ, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтары үшін жарна төлейді; жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлер үшін төлейді; салық органдарында есепте тұрған өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарна төлейді.

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер әрбір қызметкерге табысының 3%-ын төлейді, бірақ ең төменгі 10 жалақыдан (18 000 теңге) аспайды; қызметкерлердің өздері, оның ішінде АҚС келісімшарттары бойынша жеке тұлғалар – табыстың 2%, бірақ ең төменгі 10 жалақыдан (12 000 теңге) аспайды. Өздігінен жарна төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақының 5%, яғни 3000 теңге, ауыл тұрғындары 1531,5 теңге көлемінде жарна аударуы тиіс. Медициналық сақтандыру қорында жарналардың болуы пациенттерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында диагностикаға (КТ, МРТ), зертханалық зерттеулерге және қымбат оталарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 шілде 2022, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.