Атырау, 20 желтоқсан 05:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда Өзбекстан азаматшасы нашақорлар притонын ұйымдастырған

1 629 рет қаралды

«Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырауда жалдамалы пәтерін есірткі притонына (бұл ғана емес) айналдырған Өзбекстанның 24 жастағы азаматшасын ұстады.

Тінту кезінде альфа-ПВП синтетикалық есірткі мен кептірілген марихуана табылды. Жедел қызметкерлер нашақорлардың пәтерге келіп, бірі «тауарды» сатып алып кетсе, енді бірілерінің осы жерде, бірге қолданатынын анықтады. Бұдан басқа, «АЖ» мәліметі бойынша, притонда интимдік қызметтер де көрсетілген.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

ПД ұсынған сурет

30 маусым 2022, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.