Атырау, 5 қазан 22:39
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда балалар тағы да терезеден құлап кетті. Ата-аналар, сақ болыңдар!

1 142 просмотра

27 маусымда Атырауда Нұрсая ықшамауданында москит торына сүйенген 5 жастағы егіз қыз 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Олар ауыр халде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Бұл биыл бірінші рет орын алып отырған оқиға емес. Неліктен бұл жағдай қайталанып, балалар өліп немесе ауыр жарақат алып, өмір бойы мүгедек болып қалады деген ой келеді. Бұған ата-ана да кінәлі.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері себебін былай деп түсіндіреді.

Бұл ең алдымен - балалар оңай аша алатын қорғалмаған терезелер. Москит торы қауіпті күшейтеді: бала оған сүйенуге болады деп ойлайды, алайда москит торы оның салмағын көтере алмайды. Терезенің жанында сәби өрмелеп шыға алатын жиһаз немесе орындық тұрса, әсіресе, ата-анасы қасында болса, балаларда қорқыныш сезімі болмайды: бір сәтке алаңдап кетсе болғаны, жазатайым оқиға орын алуы әбден мүмкін.

Бірнеше қарапайым ереже:

* Барлық терезеде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтай немесе қоршау орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, "желдету" режимінде де жұмыс істейді.

* Терезенің қасында балалармен ойнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан адамдарды және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына отырғызбаңыз.

* Терезенің жанына оңай шығатын жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.

* Перденің жіптері мен шынжырлары салбырап тұрмауы керек: олар балаға терезеге шығуға «көмектеседі».

• Балконға терезе орнату керек.

* Балаларды бір сәтке болсын қараусыз қалдырмаңыз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 шілде 2022, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.