Атырау, 1 мамыр 14:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Путин: Қауіп төнсе, қарап отырмаймыз

1 517 рет қаралды

Ресей президенті Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылу қадамына орай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Путин Кремльдің бұған қарсы еместігін, бірақ аталған елдердің аумағында әскери инфрақұрылым құрылса, қарымта жауап болатынын ескертті. 

Владимир Путин, Ресей президенті: 

– Финляндия мен Швецияға келетін болсақ, жалпы бізде бұл елдермен Украиндағыдай жер дауы жоқ. НАТО-ға кіргісі келсе, кіре берсін. Алайда бұған дейін болмаған қауіп-қатер туындап отырғанын нақты түсіну қажет. Егер НАТО-ның әскері мен инфрақұрылымы орналастырылса, онда біз де дәл сондай әрекеттерге барамыз. Ол анық нәрсе. Бұл елдермен қарым-қатынасымымыз жақсы болатын, енді арамыз салқындай түседі. Бұл сөзсіз.

30 маусым 2022, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.