Атырау, 25 сәуір 15:33
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Каспий шағалалары тұмауға шалдыққан ба?

Бейнежазба
1 299 просмотра

Атырау облысында NCOC компаниясына тиесілі Қашаған кен орнының екі жасанды аралында құстардың – 3 мыңға жуық қара-ала шағалалардың жаппай қырылу фактілері анықталды.

19 маусымда Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына «North Caspian Operating Company N.V.» (NCOC) компаниясының өкілдерінен екі жасанды аралдан 2750 құстың өлексесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Комиссия құрылып, көрсетілген аумаққа сапар ұйымдастырылып, сараптамаға судан, топырақтан және ауадан, құс өлекселерінен сынама алынды.

– 24 маусымда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығынан өлген құстардың сынамаларынан «AН5 құс тұмауына» оң нәтиже анықталды деген жауап келді, – дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке ШАЛҚАРОВ.

Осыған орай, ұқсас жағдайларды анықтау мақсатында Атырау облысы бойынша толық бақылау мониторингі жүргізілді. Оның барысында 26 маусымда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Шалыга аралының аумағында («Ақжайық» МТР) шағалалардың өлу фактілері де анықталды. Соның ішінде «Чеграва» - 1000 дана, «Қара бас шағала» – 1200 дана, «Өгіз шағала» – 300 дана. Шалыга аралында барлығы 2500 құс өлген.

Зертханалық жағдайда құстардың өлу себептерін нақты анықтау мақсатында «Ақжайық» МТР аумағында өлекселердің биоматериалдары алынды. Биоматериалдар Алматы қаласының Микробиология және вирусология институтына жіберілді.

– 1 маусымнан бастап көрші Астрахань облысында құс тұмауының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді. Біз өз тарапымыздан аңшылық маусымының тоқтатылғанын хабарладық. Бүгін Астана Ұлттық референттік орталығының зертханасынан мамандар келіп жатыр. Олар облыс бойынша сынама, талдау алады. Қазіргі уақытта Атырау облысы аумағында құстардың жағдайына толықтай мониторинг жүргізілуде, - деді М.Шалқаров.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Автор түсірген бейнежазба

29 маусым 2022, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.