Атырау, 24 сәуір 00:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сапасыз шамдарды орнатқан

1 459 просмотра

Сот «Жайық жарығы» ЖШС директорына қатысты үкім шығарды.

Сотқа дейінгі тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізді. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы ЖШС басшысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылды. 

Алайда ол заңнама талаптарын бұзып, арзан, нашар сападағы тауарды орнатып,  өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленген. Бұл әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 млн теңгеден астам залал келтірген. 

Сот үкімімен ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес, үкім шартты жаза деп есептеледі. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 маусым 2022, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.