Атырау, 19 сәуір 03:35
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауға 536 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілмек

1 380 просмотра

Бұл туралы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы Гүлназ КӘРІМЖАН мәлім етті, деп хабарлайды ӨКҚ.

Оның айтуынша, бүгінде Атыраудағы «Агрофлекс» қоймасында 690,6 тонна көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры бар. Тағы 536 тоннасы шілде айының басына дейін жеткізілмек. 

Қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан облысындағы шаруа қожалығымен 40 тонна көлемінде келісім жасалған. Бұдан басқа «Идеал Маркет» ЖШС «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-нан 408 тонна қант сатып алды. Қазіргі таңда нарықтағы қант бағасы 517 тг. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ револьверлік схема шеңберінде жергілікті сауда желілері мен көкөніс өндірушілеріне айналым қаражатын толықтыруға несие берді, - деді Г.Кәрімжан.  Оның айтуынша, айналым схемасы бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни пияз, сәбіз, қырыққабат қыркүйек айынан бастап, ал картоп шілде айынан бастап саттыққа шығарылады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 маусым 2022, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.