Атырау, 24 қараша 14:34
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді

899 просмотра

Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қойған ветосын алып тастады, - деп хабарлайды tengrinews.kz REUTERS басылымына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Мадридтегі НАТО саммиті басталмас бұрын төрт сағатқа созылған келіссөзден кейін елдер бір-бірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша ортақ шешімге келген.

Хельсинки мен Стокгольм енді альянсқа қосылуға өтініш бере алады, бұл "соңғы жылдардағы еуропалық қауіпсіздіктегі ең үлкен өзгеріс" болуы керек, деп жазады агенттік.

"Сыртқы істер министрлеріміз Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін қолдайтынын растайтын үш жақты меморандумға қол қойды. Бұл үдерістегі нақты қадамдарды НАТО одақтастары алдағы екі күнде келіседі", - деді Финляндия президенті Ниинисте.

Ведомство мәліметінше, келісімді ратификациялау процесі бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске салайық, Түркия Швеция мен Финляндияны Анкара террористік аймақ деп санайтын күрд қарулы күштерін қолдады деп айыптайды. Сонымен қатар, бұл елдер 2019 жылы Сириядағы күрдтерге қарсы әскери операция басталғаннан кейін Түркияға қорғаныс өнімдерін жеткізуге санкциялар салған.

29 маусым 2022, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.