Атырау, 24 желтоқсан 21:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Бір грамм «синтетика» түрмеге апарады

1 872 рет қаралды

ӨКҚ-де Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Роман ЕРМҰХАНОВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті. Оның айтуынша, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 5 мыңға жуық «Трамадол» және «Тропикамед» дәрі-дәрмектері тәркіленіп, әкімшілік хаттамалар толтырылған.  

Осы жылдың бірінші тоқсанында заңсыз айналымнан 7 келіден астам есірткі тәркіленсе, оның 1 келіден астамы синтетикалық есірткі. 25 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның 19-ы бас бостандығынан айырылды. Ермұханов бір граммнан асатын синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшер екенін, бұл үшін нақты мерзімдер қарастырылғанын атап өтті. Бүгінде облыстық наркологиялық диспансерде 508 адам есепте тұрса, оның 19-ы әйелдер, біреуі кәмелетке толмаған.

- Бұл көрсеткіштерді азайту және өңірде есірткі саудасын болдырмау үшін көптеген іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс аумағында учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен төрт профилактикалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде, есірткіні сататын интернет-сайттарды жарнамалайтын 150 графитти жазба жойылды, - деді Р.Ермұханов. 

Оның айтуынша, өңірімізде маусым айында Есірткімен күрес күніне орай жастар арасында спорттық шаралар, шығармашылық байқаулар, семинар-тренингтер ұйымдастырылған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

28 маусым 2022, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.