Атырау, 18 сәуір 07:02
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырауда қаңғыбас итті «жою немесе жоймауды» кинолог шешеді

Сурет Бейнежазба
1 604 просмотра

Атырауда қаңғыбас иттерді аулауға бөлінген 5,6 млн теңгеге бүгінге дейін 265 ит ауланып, оның 60 пайызы ұрықсыздандырылған.  

Атырау қалалық ветеринариялық стансасы басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, тендерді ұтып алған «INMARKET» ЖШС келісімшарт бойынша қыркүйек айына дейін 285 ит аулау керек.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, тендер мамыр айында жүргізіліп, 8 млн қаржы жоспарланған. Ең төменгі баға ұсынған «INMARKET» тендерді ұтып алған.

«АЖ» тілшісі «INMARKET» ЖШС-нің қала сыртындағы орынжайына барып қайтты. Мұнда қазіргі кезде 28 ит, әрқайсысы бөлек торға қамалып ұсталуда. Олардың арасында 4 төбет пен 2 алабай бар.

- 20 мамырдан бастап бұралқы иттерді аулау, жою жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мұны штаттағы кинолог, ветеринар мамандарымыз шешеді. Тұрғындар иесіз иттердің жүргені жөнінде 109-ға хабарлайды. Сол бойынша біз шағым берушімен сөйлесіп, қаңғыбас итті торлармен (сачок ілмегі арқылы) аулаймыз. Осыдан  кейін кинолог тест жүргізіп, қабаған немесе жуас екенін анықтайды. Егер ызалы ит болса, алдымен ұйықтатын дәрі беріп, кейін жүрегін тоқтататын дәрі егеді. Ал жуас ит болса, оны клиникаға апарып ұрықсыздандырып, жарасы жазылғанша 10 күндей тамағын, суын беріп, орынжайда ұстаймыз. Содан соң құлағына таңба салып, бастапқы ауланған орнына апарып тастаймыз, - дейді «INMARKET» ЖШС атқарушы директоры Исатай ОРАЗҒАЛИЕВ.

Оразғалиевтың айтуынша, итін жоғалтқан адамдар 3 күн ішінде өз итін алып кете алады. Алайда мұндай жағдай кездеспеген:

- Біз аулап әкелген иттерді көп жағдайда еріктілер сұрап алып кетеді. Мысалы, мына торда тұрған 6 итті «Доброе сердце Атырау» қоғамдық қорының еріктілері бүгін алып кетеміз деді. Иттер қанша жерден ызалы, қабаған болса да асыраймын деген адам болса, чип салып, қолхат бойынша босатамыз. Егер еріктілер итті босатып жіберіп, ол адамды қапқан жағдайда, оған өздері жауап береді. Ал чипте барлық мәлімет жазылады.

...Орынжайға түскен иттер мейрамхана мен кафелерден жеткізілген қалдық тағамдармен күніне бір мезгіл тамақтанады. Суы үздіксіз беріліп тұрады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

28 маусым 2022, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.