26 маусымда футболдан ел чемпионатының 15-турында «Атырау» сырт алаңда түркістандық «Мақтаарал» клубымен ойнады. Бірінші таймда гол соғылмады. 45-минутта алаң иелерінің украиналық легионері Артур ЗАПАДНЯ өрескел ойыны үшін қызыл карта алып, екінші таймда «Мақтааралда» аз ойыншы шықты.
Соған қарамастан, алаң иелері есеп ашты. Мұны француз легионері Биллал СЕБАИХИ пенальтимен орындады. Ал 74-минутта «Атыраудың» шабуылшысы Петр ГЖЕЛЬЧАК тамаша ойнаған комбинациядан кейін қарымта голды соқты. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
«Атырау» ФК баспасөз қызметі «Атырау» командасының бас бапкері Константин ГОРОВЕНКОНЫҢ пікірін жариялады: «Негізгі құрамның үш ойыншысы сары картаны көп алып, тағы екеуі жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады. Қорғаныс пен шабуылда алға шығу қиын болды, бірақ біз шешімін таптық. Жігіттердің бәрі жеңіс үшін күресті, ойнады. Әрине, кей жерде сапа жетіспеді».
Дайындаған Айнұр САПАРОВА