Атырау, 28 сәуір 20:50
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда БАҚ қызметкерлері күні қалай атап өтілді

Сурет Бейнежазба
1 654 просмотра

Өткен демалыс күндері Атырауда БАҚ қызметкерлері күні аталып өтті. Пандемиядан кейін алғаш рет жергілікті газет пен телеарна қызметкерлері кәсіби мерекелерін дәстүрлі форматта - байқаулар, бейресми араласу және спорттық жарыстар түрінде атап өтуге мүмкіндік алды. Мереке қызықты өтті. 

Бастапқыда «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің ғимаратында көркемөнерпаздар мен қолөнер байқаулары өтті. Көркемөнерпаздар байқауында қазылар алқасы әріптестерінің көмегімен драмалық этюдті айқын көрсеткен «Қазақстан» ТРК филиалының редакторы Әзиза НАСИМУЛЛИНАҒА Бас жүлдені табыс етті. Ал «Ақ Жайықтағы» әріптесіміз Елена СҮНДЕТОВА қағаздан керемет етіп тоқылған нан салғыш пен себеттерді ұсынып, қолданбалы өнерде үздік деп танылды. Ленада мұндай да талант бар екенін көбіміз білмеген едік!

Келесі күні Жайықтың жағалауымен 5 шақырымдық жүгіру, сонымен қатар «Атырау» ДСК-де волейбол мен шағын футболдан турнирлер өтті. «Хабар» операторы Темірлан СҰЛТАНҒАЗИЕВ ерлер арасында жүгіруден үздік атанды. Әйелдер арасында «Ақ Жайық» ЖШС беттеушісі Күнімай КҮЗЕМБАЕВА қашықтықты бәрінен жылдам бағындырды. Ол айтқан уәдесінде тұрды! Сондай-ақ әйелдер арасында +50 номинациясы да болды, оны «Қазақстан» ТРК филиалының аға редакторы Слухия ӘБЖАТЫРОВА жеңіп алды.

Волейбол турниріне екі топқа бөлінген 8 команда қатысып, жарыс тартысты өтті. Финалда түрлі ведомстволардың баспасөз қызметкерлерінің құрамасы мен Caspian news телеарнасының командасы топ жарды. Шешуші кездесуде Caspian news командасы жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды. Өз тобында екінші орынға шыққан «Ақ Жайық» үшінші орын үшін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің командасымен таласып, жеңіс «Ақ Жайық» командасына бұйырды. 


Ал қазақ журналистикасының негізін қалаушы Тауман Амандосовтың есімімен аталған «Тауман» БАҚ қызметкерлерінің құрамасы шағын футбол турнирінің жеңімпазы атанды. 

Демеушілердің, соның ішінде "Светланд-Ойл" ЖШС, Irina Catering, Happy Choice мектебінің арқасында көркемөнер және спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар ақшалай сыйлықтармен де марапатталғаны қуантады. Ал мерекені ҚР Журналистер одағының филиалы, облыстық Бас редакторлар клубы және Өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырды.   

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

ӨКҚ ұсынған суреттер 

Бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 маусым 2022, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.