Ұлыбритания Мәскеуге ондаған млрд доллар кіріс әкеліп отырған Ресей алтынын импорттауға тыйым салмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News басылымына сілтеме жасап.
Лондон алтын саудасының ірі әлемдік орталығы болғандықтан, Ұлыбритания үкіметі бұл қадам Путин әкімшілігінің қаражат тарту қабілетіне үлкен ықпал етеді деп мәлімдеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Путиннің қаржыландыру режимін алып тастау керек деді. Бұл шектеу шаралары шамамен 13,5 миллиард фунт стерлинг көлемінде Ресей экспортына әсер етеді. 2021 жылы алтын экспорты Ресей қазынасына 12,6 миллиард фунт стерлинг (15,4 миллиард доллар) пайда әкелген. Бұл тыйым жақын арада күшіне енеді және заң жобасы алдағы аптада Парламентке енгізіледі.
Ол жаңадан алынған немесе тазартылған алтынға қолданылады. Бұған дейін Ресейден экспортталған қымбат металға әсер етпейді. Германия, Франция және Италия сияқты G7 басқа елдері де тыйымға қосылуы мүмкін.