Атырау, 24 қараша 16:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Юрий Шатуновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 477 просмотра

«Ласковый Май» тобының бұрынғы солисі Юрий Шатуновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды orda.kz.

Болжам бойынша жедел-жәрдем әншіге дер кезінде көмек көрсетпеген. Алайда қылмыстық іс қандай бап бойынша қозғалғаны белгісіз.

«Юраның жағдайы үстелде отырғанда нашарлап кетті. Кенеттен кеудесін ұстап, тыныс алуы қиындады. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ диспетчер науқасты «өздерің алып келіңдер, әйтпесе, көп күтіп қаласыңдар» деп жауап берді. Жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне апарған едік, ол жақтағылар науқастың жағдайы ауыр деп ауруханаға жіберді. Сондағы берген көліктері  – ескірген, еш жабдығы жоқ Газель автокөлігі.
Юра ауруханаға жетпей көз жұмды. Ауруханада дәрігерлер оған көмектеспек болды, алайда қолдарынан ешнәрсе келмеді. 

Себебі ол кезде Юра қайтыс болған еді. Меніңше, ауруханаға жеткізгенше кеш болып кетті, қазір дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды» дейді марқұмның көмекшісі KP.RU басылымына.

27 маусым 2022, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.