Атырау, 24 қараша 15:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина қысқа мерзімде НАТО-ға мүшелікке өтпейді

841 просмотра

Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква альянстың кейбір елдерінің ұстанымдарына байланысты НАТО-ға кіру жөніндегі күш-жігердің пайдасы жоқ екенін жақсы түсінетіндерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол себепті Украина осы мақсатқа бағытталған қадамдарға баруды жоспарламайды, - деп Financial Times Жовкваға сілтеме жасап, хабарлайды.

Шенеунік қысқа мерзімде Украинаның НАТО-ға қосылуы мүмкін емес екенін айтты.

Сондай-ақ Украина Ресей туралы кез-келген ескертулерді, мысалы серіктес ретінде деген сөздерді альянстың стратегиялық тұжырымдамасынан алынғанын қалайды.

"Біз НАТО-ның стратегиялық тұжырымдамасында... ресейлік агрессорға қатаң және қатал ескертулер болады деп үміттенеміз. Сөз бұйдаға салмаңыздар, бұл менің Ресейге қатысты ережелерді түзу кезіндегі НАТО мүшелеріне үндеуім", – деді Украина Президенті кеңсесі басшысының орынбасары.

Тұжырымдаманың соңғы нұсқасында НАТО Ресеймен "шынайы стратегиялық серіктестікке" ұмтылатыны және НАТО мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы бар деп санайтындығы айтылады.

Сондай-ақ Жовква Мадридтегі саммитте Солтүстік Атлантикалық Одақтың стратегиялық тұжырымдамасын түзу кезінде Украина төңірегіндегі жағдай ескерілетініне үміт білдірді.

НАТО-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі 28-30 маусым аралығында өтеді.

27 маусым 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.