Атырау, 20 сәуір 18:18
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үйреткені үшін шеберге ақысы төленуі керек

1 423 просмотра

Соңғы үш жылда Атырау облысында кадрларды даярлауға келісімшарт жасасқан кәсіпорындар саны айтарлықтай өсті. Егер 2019-2020 оқу жылында олардың саны 89 болса, өткен оқу жылында олардың саны 499 болды. Бірақ бұл мәселе заңнамалық деңгейде реттелсе, онда тағылымдамадан өтушілер тағайындалған кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселесі ашық көтерілді.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «APEC RetroTechnik» Жоғары колледжінде кадр даярлаудың өзекті мәселелеріне арналған конференция өтті. Оның жұмысына білім беру басқармасының басшылығы, Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі, колледждер мен бизнес өкілдері қатысты. Облыстық білім басқармасы басшысының м.а. Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА Білім және ғылым министрлігі кадр даярлау мәселесіне көп көңіл бөлетінін айтты. Мәселен, жергілікті білім беру басқармаларына өңірдегі сұранысты ескере отырып, мемлекеттік гранттар санын мамандықтар бойынша өз бетінше бөлуге мүмкіндік берілген.

– Бұрын белгілі бір мамандық бойынша грант саны нақты көрсетілсе, қазір министрлік бізге сұранысқа ие мамандықтар бойынша грант санын өз бетінше бөлуге құқық беріп отыр. Бұл бізге қажетті кадрды дайындау үшін тамаша мүмкіндік. Кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығына келетін болсақ, бұл механизм қазір толықтай қолданылған. Бірақ мемлекеттік секторда сенімгерлік басқару туралы мәселелер бар. Бүгінде нақты алгоритм жоқ, оны әзірлеу керек. Сондай-ақ, кадр даярлау сапасын арттыру үшін кәсіптік-техникалық колледж оқытушыларының біліктілігін тәжірибелі шебері бар өндіріс орындарында арттыру қажет деп санаймын. Жаңа оқу жылынан бастап өңірлік Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, осы мәселе бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Қуанғали ҚОЖАНТАЕВТЫҢ айтуынша, ӨКП білім беру нысандарымен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша қысқа мерзімді курстар қарастырылған. Сонымен қатар, мектептерде кәсіптік бағытта сауалнама жүргізуді ұсынды.

– Бұдан басқа, өндірістік кәсіпорындардағы тәлімгерлерді көтермелеу және ынталандыру үшін оларға төлем жасау қажет деп санаймыз. Заңнамалық деңгейде бұл мәселе реттелсе, Атырау облысында ол әзірге ашық күйінде қалып отыр. Колледждердің ешқайсысы студенттердің шебер-тәлімгеріне төлем жасамайды. Бұдан басқа, заңға сәйкес, кемінде 10 адамнан тұратын топпен жұмыс істегені үшін төлем төленеді. Бір сөзбен айтқанда,бұл жерде пысықтауды қажет ететін нюанстар көп, – дейді Қуанғали Қожантаев.

Білім беру басқармасының басшылығы бұл жоспарларды қолдап, оларды облыстың білім беру саласын дамытудың Жол картасы аясында жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКП ұсынған сурет

24 маусым 2022, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.