Атырау, 28 наурыз 20:43
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Малшыны қатыгездікпен өлтірген сотталушы 10 жыл алды

1 439 просмотра

21 маусымда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 38 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны К.-ға үкім шықты. Ол Жылыой ауданындағы қыстақтың бірінде жергілікті малшыны өлтіргені үшін айыпталды.

Іс материалдарына сүйенсек, 25 қаңтарда К. мал іздеп қырға шығады, жолай жергілікті малшы мен оның көмекшісін кезіктіреді де үшеуі бірігіп ішімдік ішеді. Отырыс барысында өзара сөзге келіп қалып, құлсарылық тұрғын 60 жастағы малшының қол-аяғын байлап, пышақпен қойша бауыздайды да оқиға орнынан бой тасалап кетеді.  

Малшының көмекшісі аудандық полиция бөлімшесіне хабарласып, олар күдіктіні ізін суытпай қолға түсіреді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергелді.  

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың жауабы, сараптама қорытындысы, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және  заттай  дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, алайда сот одан да қатаңдау болды. Бұл ретте адам өлтірген әдісті негізге алса керек. Сотталушыны 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім кесілді.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 маусым 2022, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.