Атырау, 26 сәуір 05:43
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үйлерді жөндеуге қаржы бөлінді

1 131 просмотра

Атырауда дауылды желдің салдарынан бүлінген көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге жергілікті бюджеттен 185 млн теңге бөлінді. Жақында мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, мердігерлер анықталды.

Атырау әкімдігінің мәліметінше, желден 34 нысан (тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысан) зардап шеккен.

- Қазіргі кезде 3 мердігермен келісімшарт жасақталып, мердігерлер жұмысын бастады, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Бұл 34 нысан тек биыл зақымданған нысандар емес. Тізімде тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырып, жөндеуге қаражат таба алмай келген Алмагүл, Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлер де бар. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын қатты желден қасбеті құлаған Нұрсая ықшам ауданындағы №46 үй тұрғындары да әкімдікке бірнеше ұжымдық хат жазғанымен, демеушілер табылғанда жөндейміз деген жауап алған еді. 

Алайда үйлерінде кішкентай сәбиі бар тұрғындар 2-3 үй болып бірігіп, өз қабаттарының тұсын өз күштерімен қаптатып алды. Биыл жөнделетін үйлер тізімінде осы үй де бар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

    

 

Зардап шеккен ғимараттың мекен-жайы

Зардап шеккен аумағы

1

Нұрсая ш/а №72

Шатыры ұшқан

2

Нұрсая ш/а №62

Шатыры ұшқан

3

Нұрсая ш/а №7

Шатыры ұшқан

4

Махамбет көшесі №125

Шатыры ұшқан

5

Аламгүл ш/а №6

Шатыры ұшқан

6

Ауезова көшесі №57

Шатыры ұшқан

7

Азаттық даңғылы №51а

Шатыры ұшқан

8

Азаттық даңғылы №20

Шатыры ұшқан

9

Абай көшесі №6а

Шатыры ұшқан

10

Нұрсая ш/а №107

Сыртқы қаптамасы құлаған

11

Нұрсая ш/а №104

Шатыры ұшқан, сыртқы қаптамасы құлаған

12

Азаттық даңғылы №72

Шатыры ұшқан

13

Азаттық даңғылы №46

Шатыры ұшқан

14

Абай көшесі №6

Шатыры ұшқан

15

Нұрсая ш/а №29

Сыртқы қаптамасы құлаған

16

Маметова көшесі №1

Шатыры ұшқан

17

Аманшина көшесі  №72

Сыртқы қаптамасы құлаған

18

Алмагүл ш/а №24

Шатыры ұшқан, сыртқы қаптамасы құлаған

19

Алмагүл ш/а №17

Сыртқы қаптамасы құлаған

20

Алмагүл ш/а №2

Сыртқы қаптамасы құлаған

21

Нұрсая ш/а №63

Сыртқы қаптамасы құлаған

22

Сатпаев көшесі №19а

Шатыры ұшқан

23

Нұрсая ш/а №46

Сыртқы қаптамасы құлаған

24

Нұрсая ш/а №52

Сыртқы қаптамасы құлаған

25

Нұрсая ш/а №54

Сыртқы қаптамасы құлаған

26

А.Құнанбаев көшесі №23

Шатыры ұшқан

27

Береке ш/а №16

Шатыры ұшқан

28

СМП – 163, №5б

Сыртқы қаптамасы құлаған

29

Ауезова көшесі №27

Шатыры ұшқан

30

Ауезова көшесі №29

Шатыры ұшқан

31

Томарлы ауылы, Мәдениет үйі

Шатыры ұшқан

32

Құрманғазы ауылы, Мәдениет үйі

Шатыры ұшқан

33

Баймұханов көшесі №39

Шатыры ұшқан

34

Аманшин көшесі №74

Шатыры ұшқан


20 маусым 2022, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.