Атырау, 27 сәуір 09:03
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Нәрестені құлатып алған перзентханада бас дәрігер қызметінен кетті

1 339 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Қазбек ЕРМАҒАМБЕТОВ өз еркімен қызметінен кетті. Бұған кеше осы емдеу мекемесінде орын алған дүниеге жаңа келген нәрестеге қатысты оқиға себеп болған.

– Ол басшылық қызметтен кетуге арыз берген, бірақ сол перзентханада жұмыста қалды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар САДУОВА. Оқиға қалай болғанын еске сала кетейік. Баланың анасын басқа да жаңа босанған аналармен бірге рентгенге шақырады. Ал баланың қасында өзі жаңа босанып, әзер қозғалып, әлі қол-аяғын жинап үлгермеген келіншек қалады. Бала қатты жылай бастағанда әйел оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Өзі әлсірей бастағанын сезіп, медбике мен дәрігерді көмекке шақырады. Оның дауыстап шақырғанына ешкім келмейді. Бір кезде әлі кеткен әйел, баланы еденге құлатып алады.

Ж.Садуованың айтуынша, зардап шеккен нәресте жансақтау бөліміне жатқызылып, жан-жақты тексеріліп, УДЗ және КТ жасалды.

– Бала мен анасы әлі орталықта жатыр, бірақ жансақтау бөлімшесінде емес, жаңа туған нәрестелерге арналған патология бөлімшесінде. Балада гипоксиялық-ишемиялық зақымдану бар, бірақ ол құлатып алғаннан емес, жүктілік пен босану кезеңіне байланысты, - дейді Ж.Садуова.

Денсаулық сақтау басқармасындағы жұмыс комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша дәрігер мен кезекшіліктегі медицина қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 маусым 2022, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.