Атырау, 10 қазан 03:38
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алған, тергеу жүріп жатыр

Толықтырылды
2 052 просмотра

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді қолынан түсіріп алды. Дәрігерлер баланың жағдайы айтарлықтай жаман еместігін хабарлап, ертең толық ақпарат беруге уәде беріп отыр.

Қала тұрғыны Әнуар ЖҰМАБАЙДЫҢ айтуынша, балдызы босанған соң 2 күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған. Палатада төрт әйел болған. Алдымен екі ананы, сосын тағы біреуін шақырған. Нәтижесінде босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, өзі әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалады. Әйелінің кішкентай жиені қатты жылап, әлгі келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақыруға барады. Ешкім келмейді. Бір кезде әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алады. Содан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келеді. Бұл бақылау камерасындағы кадрдан көрініп тұр.

- Біз полициямен келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, бәрі «не болды?» деп кері сұрақ қойды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы деп айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайды деп, тыйым салды. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер анасы жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін бізге нәрестеге қан құю керек екенін, егер ол кеше реанимацияға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты. Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді. Бүкіл осы жағдай, қарама-қайшы ақпарат, үнсіздік босанған әйелді және бүкіл отбасын қатты алаңдатып отыр. Ал баласының жағдайы қалай екенін, қандай шаралар алынып жатқанын шынайы есту үшін анасына қазір қолдау керек, – дейді Ә.Жұмабай.

Түсініктеме алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВКЕ хабарластық.

– Ең бастысы - бала аман. Тексеру және КТ одан өміріне қауіпті зақым таппады. Бірақ қазір бұл істі тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылды, - деді А.Байдуәлиев. Оның айтуынша, толық ақпарат ертең беріледі.

11 маусымда перинаталдық орталықтың дәрігерлері зардап шеккен сәбидің жағдайы туралы хабарлады. Туғанына 3 күн болған бала құлағаннан кейін дәрігерлер оған "ми ишемиясы" деген диагноз қойған.

«Баланың жағдайы тұрақты. Маска арқылы оттегімен өздігімен тыныс алуда. Сатурациясы 93% жоғары. Тыныс алу жиілігі минутына 43. Баланың есі дұрыс, гемодинамикасы тұрақты. АҚҚ 89/63/73 мм сын.бағ. Жүрек соғу жиілігі минутына 127.  35,0 мл. омырау сүтін түтік арқылы қабылдайды. Физиологиялық функциялары қалыпты. Неврологиялық белгілер жоқ», - дейді дәрігерлер.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 маусым 2022, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.