Атырау, 23 желтоқсан 17:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Құлсарыдағы автобус жүргізушілері әкімдікке жалақыны көтеруге уақыт берді

1 596 просмотра

Жақында Құлсары қаласының халықты қоғамдық көлікпен қамтушы «БатысТехИнвест» ЖШС жүргізушілері жалақыларының аздығына шағымданып, жұмысқа шықпай наразылық танытқан болатын. Бұдан кейін не өзгерді? 

ЖШС-де 150-ден астам адам жұмыс жасаса, оның 75-і жүргізуші, ал қалғаны кондукторлар. «БатысТехИнвест» ЖШС басшылығы жалақыны 50 пайызға көтеру талабы қазіргі қаржылық жағдайға байланысты мүмкін емесін бірден айтқан болатын. Ал Жылыой ауданының әкімдігі бұл тығырықтан шығу үшін субсидия беру жайын қарастыруға уәде берген еді. 

- Жұмысшылар сол күні кеште ереуілді тоқтатып, өзара келісіммен жұмысқа шықты. Өйткені әкімдік субсидия  мәселесін шешеді деп, келіскен болатынбыз. Біз ЖШС-мен бірлесе отырып, қайта есептеп, субсидия беру ұсынысын облыс басшылығына жолдадық. Мәселе шілде айында шешіліп, тамыз айынан бастап жұмысшылар 50%-ға көп жалақымен жұмыс жасайтын болады деп ойлаймыз, - деді Құлсары қаласы әкімі Ернар ЫСМАҒҰЛОВ. 

Ал уәде орындалмаған жағдайда «БатысТехИнвест» ЖШС-нің жұмысшылары тағы да наразылыққа шығатынын жеткізді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 маусым 2022, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.