Атырау, 23 желтоқсан 20:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Құлсарыда қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілге шықты

Бейнежазба
1 907 просмотра

Бүгін, 23 мамыр күні Құлсары қаласында халықты қоғамдық көлікпен қамтушы "БатысТехИнвест" ЖШС жұмысшылары еңбекақының төмендігіне наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қалды. Мыңдаған адам автобуссыз жаяу қалып, өз бетімен жұмысқа әзер жетті. Ереуілшілердің басты талабы – жалақыларын көтеру.

- Көшеішілік автобустардың болмауынан таңертең балабақша, мектепке уақытында жете алмай, қиналып қалдық. Жұмысыма да кешігіп жеттім. Такси болса, бағаны көтеріп жіберді. Маршруттық автобустарға не болған? Айналғанда қарапайым халық зардап шегіп жатыр, - дейді Құлсары тұрғындарының бірі.

«АЖ» хабарласқан Құлсары қаласының әкімі Ернар ИСМАҒҰЛОВ қазір ереуілшілер өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Кейін аудан әкімдігінен мынадай жауап келді: «БатысТехИнвест» ЖШС-де 150 адам жұмыс істейді, оның 75-і жүргізуші (14 күндік жалақысы 140 мың теңге) және 75-і кондуктор (еңбекақысы 90 мың теңге). Жұмысшылар жалақыны 50 пайызға көтеруді талап етіп отыр. ЖШС басшылығы қазіргі уақытта бұл талаптарды орындай алмайтынын хабарлады. Осыған байланысты қала әкімдігі қосымша субсидиялар туралы мәселені шешуде, есептеулер жүргізіледі (бұл уақыт алады). ЖШС қызметкерлері басшылық жалақыны көтеру туралы шешім қабылдаған бойда жұмысқа шығатындарын айтты».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

23 мамыр 2022, 20:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.