Атырау, 22 қараша 08:22
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда «Жанұя шаңырағы» аллеясы ашылды

Сурет
1 633 просмотра

Бүгін, 1 маусымда Жилгородоктағы саябақта «Жанұя шаңырағы» аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жобаға vybor_kz көшбасшы бағдарламасының «The One» командасы бастамашы болды.

Команда мүшелерінің әрқайсысы ерікті ретінде қайырымдылықпен, қаланы тазалауға, көгалдандыруға атсалысып, ерекше мәні бар ауқымды жобаны жүзеге асыруды арман етті. Олардың бұл мақсаты отбасы құндылығын бейнелейтін «Жанұя шаңырағы» арт-нысанынан көрініс тапты. Атырау қаласының әкімдігі бұл идеяны қолдап, саябақтан жер телімін бөліп, қала тұрғындары қаржы жинауға көмектесті.

- БҰҰ-ның «Демографиялық есебінің» статистикасы бойынша Қазақстан ажырасулар саны бойынша әлемнің 10 елінің қатарына енген. Көбіне ажырасып жатқандар - отау құрғандарына 1-4 жыл болған жұбайлар. Демек, бұл қоғамның осы мәселеге назар аударатын кезі жеткенін білдіреді, - деп атап өтті жоба жетекшісі Виталий КИМ.

Еріктілер «Жанұя шаңырағы» аллеясының қала тұрғындары шоғырланатын орталыққа айналатынына сенімді. Жас жұбайлар бір-біріне адал боламыз деп, ант қабылдауға келеді. Жанжалдасып жүрген ерлі-зайыптылар Татуласу орындығына отырып, бір-бірін кешіре алады. Балалы ерлі-зайыптылар балаларын Алтынбақан тебуге әкеледі. Ал «Шаңырақты» төбесіне ұстаған әйел мен еркектің келбетіне қараған сайын әрқайсымыз отбасы бақыты өз қолымызда екенін түйсінетін боламыз. Жақында ғана бір жас жігіттің осы жерде сүйіктісіне ұсыныс жасағаны әлеуметтік желіге тарап кетті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

1 маусым 2022, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.