Атырау, 25 сәуір 15:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Туымыз қайда кетті?

1 523 просмотра

Атырауда ауа тымық болып тұрса да, тутұғырда тудың ілінбей тұрғанына бірнеше күн болды. Биыл тутұғырды күтіп ұстауға және қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттен 8 миллион, тудың 14,5х29,5 метр көлеміндегі 10 дана матасын сатып алуға қосымша 5 млн теңге бөлінгенін «АЖ» хабарлаған еді.

Тудың матасы әлі сатып алынбаған. Қазір бұрынғыдан қалған тудың 1 дана матасы бар екен. Бұл туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі Алмас СӘРСЕНОВТАН білдік. Еске салсақ, бұдан бұрын «АЖ»-ға осы бөлімнің мамандары былтыр да артығымен тудың 10 матасы сатып алынып, барлығы пайдаланылды деп айтқан.

Биыл тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсетуге мемлекеттік ашық конкурста «IBROHIM» ЖК жеңімпаз болды. Кәсіпкермен 11 мамырда құны 4 440 000 теңгенің келісімшарты жасақталды.

- Техникалық ерекшеліктерге сәйкес мердігер жыл бойы мемлекеттік рәмізді түсіріп-көтеру, тұғырдың механизмдерін жөндеу, оларды майлап-сырлау, техникалық бөлмені ретке келтіріп тазалау, электр қорабына қызмет көрсету, нысанды күзету жұмыстары қарастырылған, - дейді Сәрсенов.  

- Ал неліктен бірнеше күн қатарынан ту көтерілген жоқ?

- Қызмет көрсету талаптарына сай, жел жылдамдығы секундына 8 метрден күшейген жағдайда, ту түсірілуі тиіс. Қазіргі таңда ауа райының құбылмалы болуына байланысты ол уақытша түсірілген.

Біз «Қазгидрометтен» соңғы он күннің жел жылдамдығы бойынша мәлімет сұраттық. Мамырдың 11-і мен 20-сы аралығындағы мәлімет бойынша жел жылдамдығы тек 19 мамыр күні секундына 8 метрді көрсетіп тұр. Басқа күндері одан жоғары. «Қазгидромет» мамандары қалалық әкімдік те бұл мәліметті сұратып отыратынын растады.

Айнұр САПАРОВА

27 мамыр 2022, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.