Атырау, 6 қазан 01:02
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда ірі қортпа балық өсірушілерге 35 келі уылдырық берді

1 920 просмотра

21 сәуірде Жайықтан 19 сәуірде ауланған салмағы 190 келі аналық қортпадан табиғи жолмен 35 келі уылдырық алынды.

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрықтанған уылдырықтар дернәсілдік кезеңге дейін инкубаторға орналастырылады. Содан кейін олар бассейндерде жетіліп, әрі қарай балық өсіру тоғандарына ауыстырылады. Өсірілген қортпа шабағы шілде-тамыз айларында табиғи ортаға жіберіледі.

- Қазіргі уақытта аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық. Қолда өсіруге әрекет ету нәтижесіне қарай ол аналық үйірді қалыптастыру үшін пайдаланылады. Ал жасанды жағдайда ұстау мүмкін болмаса, Каспий теңізіне жіберіледі, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ҚР Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс аясында балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауыты осы мақсатта 55 дана бекіре балығын аулады.

Жалпы 2022 жылы бағалы балық түрлерінің 93,1 млн дана шабағын, оның ішінде 7,5 млн дана бекіре шабақтарын табиғи мекендеу ортасына шығару жоспарланған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 сәуір 2022, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.