Атырау, 6 қазан 23:24
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Астрахань жолына басшылар да жұмылдырылды

1 968 просмотра

Атырау облысына сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ «Атырау-Астрахань» трассасын қайта жөндеу жұмыстарын тексерді.

Ол Құрманғазы ауылы маңындағы (682-845 шақырым) бірнеше учаскені аралап, Исатай және Құрманғазы аудандарының тұрғындарымен кездесті. Министр ел басшысының бұл жобаның жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

- Біз міндетті түрде бір, бір жарым айда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен іске асырылу мерзімін тексеру үшін Атырау облысынакеліп тұрамыз. Бұдан басқа, Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы басшыларының орынбасарлары жолды қайта жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін осында тұрақты болады деген шешім қабылданды. Оларға басқа жұмыстарын әріптестеріне тапсырып, тек «Атырау-Астрахань» жобасымен айналысу қажет екені айтылды, – деп хабарлады Қайырбек Өскенбаев.

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВТІҢ айтуынша, «Атырау-Астрахань» жолының құрылысын аяқтау – өңірдегі күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.

- Енді менің бір орынбасарым құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталуын күнделікті қадағалап отырады және маған күнделікті есеп береді. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды да күшейткен жөн, – деді өңір басшысы.

Еске салсақ, «Атырау-Астрахань» жобасы 6 бөлікке бөлінген. 833-853 шақырымдық учаске 2020 жылы пайдалануға берілді. Жыл соңына қарай жолдың бүкіл ұзындығы бойынша қозғалысты ашу жоспарланып отыр.

Бүгінде мердігер ұйымдар жол-құрылыс материалдарын дайындап, құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп жатыр. «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» дәлізі бойынша барлық жұмысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

22 сәуір 2022, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.