Атырау, 26 сәуір 21:20
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атыраулық балықшылар салмағы екі центнер қортпа балығын ұстады

Сурет Бейнежазба
1 721 просмотра

Бүгін, 19 сәуірде Атырауда кәсіпшілікпен айналысатын балықшылардың жолы болды. «Амангелді атындағы» ЖШС қызметкерлері Жайықтағы Кіші Дамбы тартымынан салмағы 200 келіге жуық алып аналық қортпа балығын ұстады.

Өзен суының айналымына арналған бүйірлерінде саңылаулары бар арнайы кемемен қортпа Жайық-Атырау бекіре тұқымдас балық өсіру зауытының айлағына, одан кейін тексеру үшін зауыт цехтарының біріне жеткізілді.

ҚР Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан ЖЕҢІСҰЛЫНЫҢ хабарлауынша, ультрадыбыстық сканер уылдырықтың барын көрсеткен. Содан кейін қортпаның салмағы мен ұзындығы өлшенді: 200 келідей, 247 сантиметр.

– Зауыт бассейнінде аналық қортпа бейімделіп, уылдырық шашатын температураны күтеді, – дейді А.Жеңісұлы.

Айнұр САПАРОВА

Балық шаруашылығы комитеті жолдаған суреттер мен бейнежазба

19 сәуір 2022, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.