Атырау, 7 қазан 01:32
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Перзентханадан үйіне қайық арқылы жетті

Бейнежазба
1 925 просмотра

Желіде ТЖД қызметкерлерінің көмегімен моторлы қайық арқылы «Миялы-Қарабау-Индер» көлік жолының учаскесіне жеткен сәбилі жас ананы туыстары көңілді әнмен қарсы алған видео тарады. 

- 18 сәуірде құтқарушылар Миялы ауылында дүниеге келген нәрестені анасымен бірге жолдың арғы бетінен аман-есен өткізіп алды. Жолдың арғы бетінен оларды туыстары сән-салтанатпен қарсы алып, Жангелдин ауылына қарай бет алды, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД-нің жұртшылықпен байланыс тобы. Жангелдин ауылының тұрғыны Миялы ауруханасында босанып, шыққан соң жолдың бір бөлігінен моторлы қайықпен өтті. Бұл оның қуанышына кедергі келтірмеді, ал туыстары оны әуендетіп қарсы алды. 

Еске салсақ, Қызылқоға ауданында үйлерді су басып кетпеу үшін жолдың «Миялы-Қарабау-Индер» учаскесін коммуналдық қызметтердің бұзатыны туралы шешім қабылданған. Жолдың арғы бетінде орналасқан елді мекендермен құтқарушылардың көмегімен қатынайды. Аудан орталығымен байланыс орнату үшін жергілікті тұрғындарды тасымалдауға трасса бұзылған жерде құтқарушылары бар моторлы қайық қойылған. Қазіргі уақытта 671 адам тасымалданды, оның 19-ы бала. Бұдан басқа, азық-түлік тасымалдау ұйымдастырылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 сәуір 2022, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.