Атырау, 26 сәуір 09:40
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ойыл арнасынан шығып кетті - Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Сурет
3 142 просмотра

Ойыл өзені арнасынан асып, Миялы ауданы орталығын еріген су басу қаупі төніп тұр. Мұндай жағдай 1993 жылдан бері болмаған. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланған.

- Мен он күн бұрын су ауылды айналып өту үшін «Миялы – Қарабау - Индер» тас жолын бұзу жөнінде әкімшілікке айттым, - дейді Миялы тұрғыны, белсенді Есенбай НҰРОВ

Тас жол учаскесі 14 сәуірде бұзылды. Қауіп жойылғаннан кейін ол қалпына келтіріледі.

Қазіргі таңда Миялы ауылының батыс бөлігінде қорғаныс үшін 300 тонна құм төгіліп, 500-ден астам топырақ толтырылған қапшық қойылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері 3 ауыр техникамен және жергілікті жастар арасынан 70-тен астам еріктілер жүр.

Мамандардың айтуынша, еріген су әлі де келеді.

ТЖД хабарлағандай, «жағдай бақылауда».

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 сәуір 2022, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.