Атырау, 27 сәуір 05:39
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Серік Шәпкенов Атырау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

2 921 просмотра

Бүгін, 7 сәуірде Атырау облысына іссапармен келген ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ жергілікті активке Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды – Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ орнын Серік ШАПКЕНОВ алмастырды.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. 2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2020 жылдың маусымынанан бастап бүгінгі тағайындауға дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. 

"Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын" делінген Жарлықта.

Өкінішке орай, алдын ала болжам жасағанда қателесіппіз, әлбетте, соңғы сәтке дейін Ақорданың кімді тағайындайтынын анық білу қиын.

Айнұр САПАРОВА

7 сәуір 2022, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.