Атырау, 8 мамыр 19:22
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Премьер Атырауға облыс әкімін ауыстыру үшін келеді

4 361 просмотра

7 сәуірде Премьер-министр Әлихан СМАЙЫЛОВ Атырауға жұмыс сапарымен келеді. Негізгі мақсат – Атырау облысының жаңа әкімін тағайындау. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ бұл қызметтен кететіні туралы қауесет өткен жылдан бері, оның орынбасарлары ҚР Қылмыстық кодексінің сыбайлас жемқорлық баптары бойынша бірінен соң бірі ұстала бастағалы айтылып келеді.

Атырау облысының әкімі қызметін не ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, не ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ атқаратыны туралы ақпарат бар.

58 жастағы Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2001-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, кейін Маңғыстау облысының әкімі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болды. 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

63 жастағы Дүйсенбай Тұрғанов Атырау тумасы. Иманғали Тасмағамбетовтің кезінде қала әкімі болған, кейін энергетикалық компаниялар мен энергетика, индустрия министрліктерінде басшылық қызметтерде болған, 2021 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Айнұр САПАРОВА

7 сәуір 2022, 00:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.