Атырау, 7 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау әкімдігі 10 "халық жобасын" дауысқа салды

2 250 просмотра

Атырау қаласы әкімдігі 2023 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан келген өтініштерді іріктеп, сараптамалық кеңес отырысын өткізді. 

Өтініш 15 ақпаннан 13 наурызға дейінгі аралықта Атырау қаласы әкімдігінің сайтында қабылданды. Ойын алаңдарын, тротуар салу, ауланы жарықтандыру жөнінде 15 жобалық ұсыныс түсті. Оның ішінде ережеге сәйкес келетін 10 жоба (барлығы балалар ойын алаңын жөндеуге қатысты) комиссия құрамымен мақұлданып, бағалауға ұсынылды. Ал іріктеу кезінде өтпей қалған 5 жобаны әкімдік жобалық ұсыныстар үлгіге сәйкес ұсынылмағанына, бір автор екі үш өтінім жобасын ұсынуына орай, жобаның эскизі/макеті/схемасы және сметалық құны жалғанбауына орай және т.б талаптар сақталмауына бйланысты бас тартылды.

Мақұлданған жобалар енді әкімдік сайтында 5-18 сәуір аралығында тұрғындардың электронды дауыс беруіне салынады. Ең көп дауыс жинаған жобалар қалалық бюджет есебінен 2023 жылы жүзеге асырылады. Дауыс беру үшін тұрғындардың міндетті түрде электронды цифрлі қолтаңбасы қажет, бір адам бір ғана жобаға дауыс бере алады.

Айта кетейік, аталған пилоттық жоба негізінде 2021 жылы 3 жоба қолдау тапты. Былтырғы өтініштер бойынша биыл тұрғын үйлердің ауласында орналасқан балалар ойын алаңдарын жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша 6 жоба жүзеге асырылу жоспарланып отыр: Авангард-3, ықшам ауданы, №24 үй, Б.Момышұлы көшесі, №114 үй, Лев Владимирский көшесі, №100 үй, Привокзальный-5, мөлтек ауданы №18 үй,  Жетіқазына, ықшам ауданы, №3 үй және №9 үй.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

6 сәуір 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.