Атырау, 7 қазан 07:16
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Халықтың жобасына" қала бюджетінен қолдау болады

1 845 просмотра

Атырау қаласы әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 2023 жылға тұрғындардан өтінім жинауды бастады. Жобаға кез-келген адам қаланы көркейтіп дамыту және жақсарту (аумақтарды көгалдандыру, аулаларды жарықтандыру және т.б.) бойынша өз идеясын ұсына алады. 

Бөлінетін ақшаның көлемін айтатын болсақ, ұсынылған жобаның құны 10 000 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс (30 млн тенге). Ұсыныстар 10 наурызға дейін әкімдіктің ресми сайтында жүргізіліп,  дауыс беру және бастамаларды іріктеу сол сайтта онлайн түрде өтеді. Егер бастамаңыз дауыс беру процесінде халықтан қолдау тапса, жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

- Автор бір ғана өтініш бере алады. Ол сол жердің тұрғындары үшін тұрақты әрі маңызды болуы шарт. Дауыс беру және арнайы комиссия қорытындысымен 10-14 жоба іріктеп алынады, - дейді қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Раушан Башанова.

Жобалық ұсыныстардың санаты:

Аумақты көгалдандыру; тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу; ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақ, сквер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер); бордюрларды, төсемтастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу; қоқыс тастайтын жерлерді жою; ортақ пайдалану орындарында күрке, орындық, урна мен балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу; аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Өтініштің үлгісі мен ережесі әкімдіктің сайтында жарияланған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

16 ақпан 2022, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.