Атырау, 7 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«АЖЭО» АҚ-ның жауап беру құқығы: «Бізге айыппұл салынды, бірақ тариф көтерілмеді»

1 939 просмотра

Бұған дейін «АЖ» «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на 3,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғаны туралы жазған болатын. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі («Бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардан 5% асуы») бойынша осындай шешім шығарған еді.

Сайтта жарияланғаннан кейін «АЖ»-ға «АЖЭО» АҚ президенті Мақсот ӘЛЕНОВТІҢ қолы қойылған хат келіп түсті. Ол өз хатында заң бұзушылық болғанын, бірақ оның ешкімге зиянын тигізбеген елеусіз бұзушылық екенін мойындап, оның салынған айыппұл сомасына сәйкес келмейтінін айтады. Оның үстіне, оның айтуынша, бұл тариф мөлшеріне еш әсер етпеген: «Шығын баптарының орындалмауы небәрі 178 теңгені құрады. Бұл сома бір тұтынушы үшін де мардымсыз, ал Атырау облысы бойынша тұтынушылар саны 40 мың. Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментіне де бұл соманы осы тұтынушылар санына бөлу мүмкін болмады. Дәл осы жайт оған өз міндетін атқаруға және «АЖЭО» АҚ үшін ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңы талап ететін өтемдік тарифті енгізуге мүмкіндік бермеді», - деп жазады М.Әленов. Ол бекітілген тарифтің 178 теңге көлеміндегі шығын баптарының орындалмауы 2020 жылдың желтоқсан айында тұрғындардың жылу бағасының қымбаттауына қатысты шағымына еш себеп бола алмайтынына сенімді.

Еске салсақ, бұған дейін 2020 жылы ТМРКД осы факті бойынша тексеру жүргізген болатын. М.Әленовтың айтуынша, тексерулердің ешқайсысы «АЖЭО» кінәсін таппаған. Ал ТМРКД «АЖЭО» әкімшілік бұзушылықтары тексерулер нәтижесінде емес, 2020 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп қорытындысы бойынша анықталғанын, одан кейін айыппұл салынғанын растады.

26 наурыз 2022, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.