Атырау, 7 қазан 11:30
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жылу қызметкерлері көтеріңкі тариф үшін жазаланды

1 526 просмотра

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на қатысты әкімшілік істі қарады. Сот төменгі сатыдағы соттың 3,2 миллион теңге көлеміндегі айыппұл туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, бұрын «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 15-тармақшасын орындамағаны үшін «Атырау ЖЭО» АҚ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-тармағы («Бекітілген тарифтік сметада көзделген шығындардың 5%-дан асуы») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қалалық сот тиісті айыппұл салды, бірақ «АЖЭО» АҚ бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді. Олар қалалық соттың шешімін күшінде қалдырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қала тұрғындарынан 2020 жылдың желтоқсан айында жылу бағасының қымбаттауына байланысты көптеген шағым түскен болатын. Сол кезде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі осы шағымдар бойынша тексеру басталғанын хабарлады. Міне, нәтижесі осы.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 ақпан 2022, 22:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.