Атырау, 24 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алмаз Берекеновті өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды

1 934 рет қаралды

Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының жанында қаңтардағы митингке қатысушы басынан оқ тиіп қаза тапқан 35 жастағы Алмаз БЕРЕКЕНОВТІҢ өліміне қатысты тергеу басталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша жүргізілуде.

Біз Алмаздың тәтесі Жаннат БЕРЕКЕНОВАМЕН хабарласқан едік. Жақында оны полиция департаментіне шақырыпты. Сол жерде ол тергеушіден қылмыстық іс қозғалғанын, өзі осы іс бойынша жәбірленуші ретінде қаралып жатқанын білді.

– Тергеуші қазір куәгерлерден жауап алынып жатқанын, мәйітханадан өлімге қатысты егжей-тегжейлі қорытынды сұралғанын айтты. Күдіктінің кім екені анықталды ма деп сұрағанымда, тергеу әлі жүріп жатыр, жақын арада аяқталмайды деп жауап берді, - дейді Берекенова.

Жақында әлеуметтік желіде полицей қызметкерінің күдікті ретінде анықталғаны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ ПД баспасөз қызметінде мұндай ақпарат жоқ. Олар қылмыстық іс материалдары Атырау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары басқармасына берілгенін ғана айтты. «АЖ» облыстық прокуратураға сауал жолдады.

Айнұр САПАРОВА

2 ақпан 2022, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.