Атырау, 19 сәуір 14:04
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Дауға айналған Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Сурет Бейнежазба
2 353 просмотра

Бүгін, 30 желтоқсанда, Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды. Ол Нұрсая ықшамауданындағы соның атымен аталған Орталық алдына орнатылды.

Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ілия Жақанов,  абайтанушы Қадір Жүсіп және өзгелер қатысты.

- Республикалық комиссияның шешімі бойынша мүсінші Асқар Нартовтың осы жұмысы ұсынылған эскиздердің ішінен үздік деп таңдалды. Мүсін қоладан құйылған, жалпы биіктігі 11 метр, - деді Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Құралай ҚҰМАРОВА.

Айта кетейік, Атырау облысында 145 миллион теңгеге бағаланған дәл осындай ескерткішті Павлодар қаласының әкімдігі 55 миллион теңгеге орнатқан. Авторы да сол - Асқар Нартов.

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің үстінен көтерілген қылмыстық істің де осы монументке қатысы бар. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшартына қол қою үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор 

30 желтоқсан 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.